Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді

Түркістанда полицейлер тұрғынның жоғалған жылқысын тауып берді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің үйінің ауласында тұрған бір жылқысы тұсауынан босап, белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткені жөнінде арызданған.

Шағым бойынша оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары Мақсат Исмаилов пен Ерсұлтан Маметов шұғыл жетіп, мән-жайды анықтайды. 

Жәбірленушімен бірге жақын аймақтардың барлығын тексеріп, үш сағат ішінде жылқыны табады. Қараусыз жүрген жылқы Балтакөл тасжолы бойындағы жайылымнан табылды. 

Жергілікті тұрғын жылқысын тез арада тауып берген полицейлерге алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Түркістан қаласы полицейлері азаматтарға малды қараусыз қалдырмай, мүмкіндігінше сенімді бақташы жалдауға кеңес береді. 

Сондай-ақ мал тұратын қора-жайларды мықтылап бекітіп, аулаға дабыл қаққыш орнатуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру