Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 100-ге жуық оқушы полиция қызметімен танысты

Түркістан облысында 100-ге жуық оқушы полиция қызметімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласы аумағында оқушылар мен студенттердің құқық бұзушылықтарының алдын алу мен қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында қалалық полиция бөлімінде ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында оқушыларға полиция бөлімінің ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды.

Аталған іс шараға жеке құрам қызметкерлері мен Кентау қаласының білім бөліміне қарасты мекемелерінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Өз кезегінде полицейлер оларға уақытша ұстау изоляторы мен жедел басқару орталығын таныстырып , құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс оқыды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жан-жақты ақпарат беріп,құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру