Қызылордада сотталғандар темір қоршаулар жасайды
Қызылордада сотталғандар темір қоршаулар жасайды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушілер еңбекке тартылып, түрлі өндірістік бағыттарда жұмыс істеуде. Соның ішінде дәнекерлеу цехында сотталғандар темірден тұрмысқа қажетті өнімдер шығарып, қоғамға пайдасын тигізіп келеді.
Бүгінде олар мобильді офистар мен темір қоршауларды дайындаумен айналысуда. Қазіргі уақытқа дейін 20-дан астам мобильді офис жасалып, тапсырыс берушілерге табысталды. Ал темір қоршауларға деген сұраныс та артып отыр.
– Жалақымнан отбасыма үнемі қаржы жіберіп тұрамын. Темір тор ішінде жүрсем де, еңбектің арқасында балаларымды қолдауға мүмкіндік бар. Дәнекерлеуші мамандығым болғандықтан, бұл жұмыс маған қиын емес. Жалақымыз да уақытылы беріледі, – деді ол.
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Бақыт Абилованың айтуынша, қазіргі таңда облыстағы түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің 70 пайызы еңбекпен қамтылған.
– №60 мекеменің өндірістік аймағында 17 жеке кәсіпкер 500- ден аса сотталғанды жұмыспен қамтыса, 37 мекемеде жазасын өтеушілер қала ішіндегі 18 кәсіпкердің жұмыс орындарында еңбек етуде. Басты мақсатымыз – сотталғандарды еңбекпен қамтып, олардың мемлекет пен жеке тұлға алдындағы қарыздарын өтеуіне, түзелуіне, қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік жасау, – деді Бақыт Абилова.