Учаскелік полиция инспекторының бір күні
Алматы облысында учаскелік полицей қызметіндегі бір күнімен бөлісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарасай ауданының учаскелік полиция инспекторы Нұрзат Дюсенов 2014 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Ол ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтын тәмамдаған. Бүгінде ол Жандосов ауылында өзіне бекітілген аумақта қызмет атқарады. Полицей 1992 жылғы 22 желтоқсанда Семей облысында дүниеге келген.
– Учаскелік инспектордың жұмыс күндері ешқашан бірсарынды болмайды. Күн сайын капитан Дюсенов әріптестерімен бірге профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, тұрғындарды аралап, олардың мәселелерімен танысады және тұрмыстық сұрақтарды шешуге көмектеседі. Көбіне полиция қызметіне тікелей қатысы жоқ жағдайларда да тұрғындар оған жүгінеді. Мәселен, балаларға көмек қолын созып, ағашқа ілініп қалған допты алып берумен қатар велосипедті жөндеуге көмектеседі. Ойын түрінде жол қозғалысы ережелерін еске салып, алкоголь мен есірткінің зияны туралы түсіндіреді, – дейді Алматы облысы полиция департаментінде.
Өзінің айтуынша, осындай қарапайым да ізгі істер азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
– Біздің жұмысымыздағы ең бастысы – адамдар өзіне қолдау барын сезінуі және кез келген мәселемен учаскелік инспекторға жүгіне алатынын білуі, – дейді капитан Дюсенов.
Учаскелік инспектордың жұмысы – бұл адамдардың қасында жүріп, олардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған күнделікті еңбек. Мұндай мысалдар полицияның әрқашан жанында екенін және көмекке дайын тұратынын айқын көрсетеді.