Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сотталғандар қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлік негіздерін оқи бастады

СҚО-да сотталғандар қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлік негіздерін оқи бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған меморандум аясында алғаш рет №51 мекемесінің сотталғандары үшін "Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері" курсы ұйымдастырылды.

Оқытуға 70 адам қатысуда. Әрбірі дәрістерді мұқият тыңдап, конспект жазып, талқыланған тақырыптарға қызығушылық танытты. Әсіресе, босатылуға дайындалып жүргендер ерекше белсенділік көрсетті: олар үшін жаңа білім – өмірде қолдануға болатын нақты құрал.

Сабақты кеңесші-маркетолог Дмитрий Шледевец өткізді. Ол кәсіпкерлік қызметтің негіздері туралы жан-жақты түсіндіріп қана қоймай, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаржылық сауаттылықты арттыру – сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің және табысты қайта әлеуметтендірудің маңызды қадамы. Себебі қаржылық үдерістерді түсіну, шығындар мен кірістерді жоспарлай білу, жеке ісін ашып, дамыту қабілеті тек қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғауда ғана емес, сондай-ақ қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде де басты рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру