Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер заңсыз қоқыс төгудің жолын кесті

Қарағандыда полицейлер заңсыз қоқыс төгудің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының Жаңа-Майқұдық секторында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері құрылыс қалдықтарын рұқсатсыз төгу дерегін анықтады.

Тәртіп сақшылары аумақты бақылау кезінде белгіленбеген жерге қоқыс түсіріп жатқан жүк көлігін байқап, дереу шара қабылдады.

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында 63 жастағы жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар оның жүк көлігі айыптұраққа қойылды. Құқық бұзушы барлық қалдықтарды арнайы полигонға жеткізіп, аумақты қалпына келтіруге міндеттелді.

Мұндай заңсыздықтың қайталануына жол бермеу үшін полицейлер бейберекет қоқыс төгілген аумақтың кіреберісін бетонды блокпен жапты. Бұл шара қаланың тазалығын сақтау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру