Түркістан облысында полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады
Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті адамдарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 күдікті – Сайрам ауданының тұрғындары. Олар жергілікті тұрғыннан 1,5 миллион теңге сомасында ақша бопсалағаны анықталды.
Жедел уәкілдер күдіктілерді тінту барысында жәбірленушіден алынған жеңіл автокөлік, 40-қа жуық оқ-дәрі мен басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.