Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция "Учаске" іс-шарасын жалғастырып жатыр

СҚО полицейлері бес апта ішінде мыңнан астам алкогольге қарсы заңнаманы бұзу дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әрбір азамат өз округіндегі учаскелік полиция инспекторымен байланыста болуы тиіс. Халықпен танысу – 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін өтетін "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаттарының бірі.

Операцияның алғашқы айында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері көпқабатты үйлердің шамамен 70 пайызын (барлығы – 83 501 пәтер), сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің жартысынан көбін (олардың саны – 120 115) аралап шықты. Құқық қорғаушылар тұрғындарға өз визит карталарын қалдырып, аулада және көршілес аумақтағы жағдай туралы сұрап, заңбұзушылықтар туралы дереу полицияға хабарлау қажеттігін еске салуда.

Сонымен қатар есептегі тұлғаларды, қолайсыз отбасыларды, қару иелерін тұрғылықты жері бойынша тексеру, иесіз және жалға берілетін үйлерге ерекше назар аудару. Түнгі уақытта учаскелік инспекторлар ювеналдық полиция қызметкерлерімен бірге ойын-сауық орындары мен көшелерде рейдтер өткізеді.

"Учаске" іс-шарасы басталғалы бері СҚО полицейлері 8 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетіндері – қоғамдық орындарда алкоголь ішу және мас күйінде жүру деректері. Мұндай 1103 факт тіркелген. Полицейлердің жұмысы қылмыстық ахуалды жақсартуға және "Заң мен тәртіп" қағидатын дәйекті іске асыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру