Полицейлер жастарға дроппер болудың салдарын түсіндірді
Полицейлер жастарға дроппер болудың салдарын түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дроппер – бұл алаяқтар ұрлаған ақшаны өзінің банк картасы арқылы өткізетін адам. Олар фишинг, аккаунтты бұзу, банк картасының деректерін ұрлау немесе басқа да алаяқтық әдістер арқылы алынған ақшамен жұмыс істейді.
Дроптың негізгі міндеті – ақшаның шыққан көзін жасыру үшін оны басқа шоттарға тарату немесе қолма-қол ақшаға айналдыру. Көбінесе дропперлікке студенттерді, жұмыссыздарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды және қарттарды тартуға тырысады.
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап алаяқтық жасауға қатысқан дропперлер заң бойынша өте қатаң түрде жауапкершілікке тартылуда.
Полиция азаматтарға ақшаны аудару немесе қабылдаумен байланысты ұсыныс жасалса, алаяқтық екеніне көз жеткізуді және күмәнді ұсыныстан бас тарту – қылмыстық жауапкершіліктен қорғаудың ең сенімді жолы екенін ескертеді.