Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Республика күніне орай үздік полицейлер марапатталды

Алматыда Республика күніне орай үздік полицейлер марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға полиция қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және "Жас сақшы" сыныптарының оқушылары қатысты. Бұл күн – қоғамға адал қызмет етуді, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өз борышы санаған жандар үшін ерекше маңызға ие мереке болды.

Салтанатты жиында Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов құттықтау сөз сөйлеп, әріптестеріне ізгі тілегін жеткізді.

– Республика күні – өз елін сүйетін, оның болашағына сенетін әрбір азаматтың мерекесі. Ал полиция қызметкерлері үшін бұл күн ерекше жауапкершілікті білдіреді. Себебі қоғамның тыныштығы мен тәртібі, азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімі көп жағдайда біздің кәсіби борышымызға байланысты, – деді Қуатбек Науатов.

Ол тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздік – мыңдаған тәртіп сақшысының күнделікті, көпшілікке байқала бермейтін, бірақ аса маңызды еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

– Біз өз қызметін адал атқарып, ерлік пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетіп жүрген әріптестерімізді мақтан тұтамыз. Бүгін табыс етілген марапаттар – олардың ортақ іске қосқан еңбегінің және алматылықтардың сенімі мен құрметінің көрінісі, – деді ол.

Іс-шара барысында Алматы полициясының үздік қызметкерлері мен бөлім басшылары марапатталып, алғыс хаттарға ие болды. Олардың қатарында ауыр қылмыстарды ашуда, қоғамдық тәртіпті сақтауда және құқық бұзушылықтардың алдын алуда ерекше көзге түскен офицерлер бар.

Сөзінің соңында Қуатбек Науатов әріптестеріне мықты денсаулық, отбасының амандығын және қызметте табыс тіледі.

– Біз бұл мерекені бірлік пен жауапкершілік рухымен қарсы аламыз. Осы рух әр ісімізде серік болсын. Әр қызмет күні – мықты, қауіпсіз және сенімді Қазақстан Республикасына апарар бір қадам болсын, – деп түйіндеді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру