Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жатақханада да заң талаптары сақталуы тиіс: Алматыда полиция студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Алматыда полиция студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жоғары оқу орындарында "Заң мен тәртіп" идеологемасы аясындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Кезекті кездесу Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерімен өтті.

Кездесу барысында жастарға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, жеке қауіпсіздік және құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Сондай-ақ университет ғимараттары мен жатақханаларда буллинг, зорлық-зомбылық және жанжалдардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, студенттер өз құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ түрлі құқықтық жағдайларда дұрыс әрекет ету тәртібіне қатысты сұрақтарын қойды.

- Біздің міндетіміз – жасалған құқық бұзушылыққа ден қоюмен ғана шектелмей, оның алдын алу. Жастар өз құқықтарын неғұрлым жақсы біліп, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті дұрыс түсінсе, қоршаған орта да соғұрлым қауіпсіз болады, – деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Алматының жоғары оқу орындарында студенттермен профилактикалық кездесулер алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру