Алматыда есірткі жарнамасымен айналысқан ер адам ұсталды
Алматыда есірткі жарнамасымен айналысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының Әуезов ауданында патрульдік полиция қызметкерлері ғимарат қабырғаларына есірткі жарнамасын салды деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады.
Ұсталған кезде ер адам есірткілік масаң күйде болған, бұл дерек медициналық куәландыру арқылы расталды.
Есірткі заттарын жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Есірткі жарнамасын орналастыру — бұл әзіл немесе ұсақ құқық бұзушылық емес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ауыр құқық бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін заңмен қатаң жаза көзделген. Полиция осындай құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Азаматтарды жауапкершілік танытып, есірткі жарнамасы бар жазулар туралы дереу полицияға хабарлауға шақырамыз, — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
