Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция Орталық стадионда өтетін концерт кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

Алматыда полицейлер қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

- Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар, – дейді полиция қызметкерлері.

Полицияда атап өткендей, қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – мәдени-көрсетілім іс-шарасы кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы жағдай жасау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру