Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді

Алматы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында полицейлер сыртқы бейнесі атыс қаруына ұқсас затты тауып, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аңшы мылтығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

- Біз қаруды заңсыз ұстау деректерін дәйекті түрде анықтап, жолын кесіп келеміз. Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі, себебі алдын алу шаралары қылмыстың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру