Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қолайсыз ауа райы: полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысы жағдайын бақылауда ұстап отыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта ауа температурасының төмендеуі, жаңбыр аралас қар жол қозғалысы үшін қауіп тудырды. Таңертеңнен бастап облыс жолдарында арнайы техника пайдаланылуда. Полицейлер жолдарды тазалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын бақылауда ұстап отыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізушілерге уақытылы қысқы дөңгелекке ауысуға, әйнек жуу жүйесіне мұздамайтын сұйықтық пайдалануға кеңес береді. Мұз қатқан немесе ылғалды асфальтта қозғалыс жылдамдығын барынша төмендетіп, көлікті толық бақылауда ұстау қажет. Барлық маневрді барынша бірқалыпты орындау ұсынылады, рөлді күрт бұрудан және жылдамдықты кенет арттырудан аулақ болу керек.

- Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырамыз. Қауіпсіздікке ұқыпты қарау және белгіленген ережелерді мүлтіксіз орындау — "Заң және тәртіп" тұжырымдамасының басты қағидаты, - деп атап өтті СҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру