Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда қатардағы полиция қызметкерлері адасып қалған әжейге көмектесті

Петропавлда қатардағы полиция қызметкерлері адасып қалған әжейге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адасып қалған әжей полициядан көмек сұрады. Белгілі болғандай, ол жуырда немересінің үйіне — Уәлиханов көшесіне көшіп келген. Алайда жаңа ауданды білмегендіктен, қай үйде тұратынын шатастырып алған. Өзімен бірге телефон болмаған.

Зейнеткерге көмек көрсету міндеті полиция қызметкерлері Батыр Әскеров пен Рахат Далабайға жүктелді.

Тексеру барысында Батыр Әскеров әжейді суретке түсіріп алып, маңайдағы тұрғындарға көрсеткен. Сол арқылы тұрғындардың бірі зейнеткерді танып, оның нақты тұратын мекенжайын көрсетті.

Домофонның электронды кілтінің көмегімен подъезд анықталып, көршілер пәтер нөмірін көрсеткен. Осылайша полицейлер әжейдің үйін тауып, аман-есен жеткізді.

Құқық қорғау қызметкерлері қарт туыстары бар азаматтарға ескерту жасайды: егде жастағы адамдардың ұмытшақ болуы қалыпты жағдай, сондықтан олардың қауіпсіздігін алдын ала қамтамасыз ету қажет. Ең қарапайым тәсіл — киім қалтасына үй мекенжайы мен туыстарының телефон нөмірі жазылған қағаз салып қою.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру