Қар аралас жаңбыр, жел, көктайғақ: полиция алматылық тұрғындарға ескерту жасады
Алматыда полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанның бірқатар өңірінде, соның ішінде Алматы қаласы аумағында жауын-шашын, аяз болады және ауа температурасы біршама төмендейді. Әдетте, ауа райының нашарлауы жалпы жол-көлік жағдайына әсер етеді. Осыған байланысты Алматыда тұрғындарына полиция жол қозғалысы ережелерін және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады.
Құқық қорғау қызметкерлері жүргізушілерді сақтық пен қырағылық танытуға, сондай-ақ көлік құралдарын қысқы маусымға алдын ала дайындауға шақырады.
- Жауын-шашынның мол түсуі қаладағы жол қозғалысын айтарлықтай қиындататыны белгілі: кептелістер болады. Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай жағдайлардың басты себебі — жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпсіздігі: кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдай тудырады, қауіпті маневрлер жасайды, өзара сыйластық танытпайды, ал жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді. Мұның бәрі жолдағы жағдайға кері әсерін тигізеді, — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Сонымен қатар департаментте тәжірибеге сәйкес, жол-көлік оқиғаларының саны ауа райы нашар күндері айтарлықтай артатыны айтылды.
						