Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер мас жүргізушілерді анықтайтын рейдтік шараларды күшейтті

Ақтөбеде полицейлер мас жүргізушілерді анықтайтын рейдтік шараларды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл Ақтөбе облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 33 жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл апаттар 3 адамның өмірін қиып, 44 адамның түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алуына әкеп соқтырды.

Осындай ЖКО-ның бірі бірі 3 қыркүйекте Ембі қаласында орын алды. Renault Duster автокөлігінің жүргізушісі алкогольдік мас күйде көлік басқарған. Мас жүргізуші көшеде жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қаққан. Жаяу жүргінші ауыр дене жарақаттарын алып, келесі күні ауруханада көз жұмды.

Рульге мас күйде отырудың алдын алу мақсатында өңірде полиция қызметкерлері мұндай жауапсыз жүргізушілерді анықтауға бағытталған рейдтік шараларды күшейтті.

Жыл басынан бері облыс аумағында полиция 1146 мас жүргізушіні анықтады. Олардың 78-і бұрын көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйде рульге отырғандар.

Мас күйде көлік басқарған жүргізушіге ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал көлік басқару құқығынан айырыла тұра, мас күйде көлік жүргізу – қылмыс болып есептеледі. Жүргізуші өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылып, бес жылға дейін бас бостандығын айыруға дейінгі  жазаға тартылады, – деп түсіндірді Ақтөбе облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Өтеген.

Өкінішке қарай, мас күйде рульге отырғандар қалада емес, ауыл-аймақтарда да орын алып отыр. Биыл өңірде ауыл тұрғындарының тек жеңіл көлік емес, ауыл шаруашылығы техникасы мен мотоциклдерді де алкогольдік мас күйде басқару деректері тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру