Қарағанды облысында полицейлер жол қауіпсіздігін күшейтті
Қарағанды облысында полицейлер жол қауіпсіздігін күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында 19-23 қараша аралығында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жылдамдық режимін өрескел бұзудың және қарсы қозғалыс жолағына қауіпті шығудың жолын кесу, бұл әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді.
– ЖПШ-нің алғашқы күндерінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1080 жағдайы анықталды. Ең өрескел фактілердің қатарында көлікті жүргізуге құқығы жоқ адамдардың көлікті басқаруының 22 жағдайы және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлікті басқаруының 5 жағдайы. Мас күйінде көлік басқарудың 7 фактісі, қарсы қозғалыс жолағына шығудың 13 фактісі, қауіпсіздік белдіктерін елемеудің 175 фактісі, рөлде отырып ұялы телефондарды пайдаланудың 77 фактісі, жаяу жүргіншілердің құқықтарын бұзудың 110 фактісі және жаяу жүргіншілер тарапынан 519 бұзушылық тіркелді. 19 қарашада Қарағандыда полицейлердің назарын қаланың қараңғы көшелерінде жарық шамдары қосылмаған көлік аударды. Тоқтату әрекеті кезінде жүргізуші полициядан қашып кетпек болды. Көлікті тоқтатқаннан кейін патрульдіктер қашу себебін анықтады. 39 жастағы жүргізуші мас күйінде және көлік жүргізу құқығы жоқ болған. Әкімшілік іс қозғалды, көлік арнайы тұраққа қойылды, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Кәкімов.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рөлде мас күйінде отырмауды, жылдамдықты бақылап мұқият болуды ескертеді.
