Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер оқушылар мен студенттерге құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірді

Түркістан облысында полицейлер оқушылар мен студенттерге құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында полицейлер 1700 оқушы мен 700 студентті қамтыған кең көлемді құқықтық түсіндіру іс-шарасын өткізді. Кездесулер барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдерге құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі уақытта жүріп-тұру талаптары және заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді.

https://youtu.be/rt7LJcTVYc4

Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіретін арнайы бейнероликтер көрсетіліп, оқу орны өкілдері мен жастар арасында ашық диалог, сұрақ-жауап форматындағы әңгімелесу ұйымдастырылды.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстардың алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру