Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аман мен Есен: ҚАЖ қызметіндегі егіз бақылаушы

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №64 мекемесінде еңбек етіп жүрген егіз бақылаушы жайлы Polisia.kz сайты ақпарат ұсынады.

Аман мен Есен – жүйеге жаңадан қосылған, болашағынан зор үміт күттіретін жас мамандар. Жұмысқа деген жауапкершілігі, өзіндік көзқарасы және тез үйрену қабілеті оларды ұжым ішінде ерекше қылып көрсетеді.

Егіздер туралы қызық деректер көп. Аман Есеннен небәрі бес минутқа үлкен, ал бойы жағынан керісінше Есен ағасын басып озған. Екі жігіттің айтуынша, есімдерін оларға атасы "аман жүрсін, есен жүрсін" деген ниетпен қойған. Бұл ізгі тілек бүгінгі таңда олардың кәсіби жолында да сезілердей. Екеуі де сабырлы, жинақы, еңбекқор болу – екеуіне де тән қасиет.

Қызметке жаңа келгенімен, өздерін тез көрсетіп үлгерген жас мамандардың қызығушылықтары да әртүрлі. Аман тыныш серуен мен кітап оқуды ұнатса, Есен бос уақытын достарымен волейбол ойнап өткізеді. Мінезі мен талғамы бөлек болғанымен, қызмет барысында бірін-бірі үндемей түсініп, ортақ мақсатқа біріге білуі – олардың басты артықшылығы.

Ал 13 желтоқсан – ҚАЖ қызметкерлері күні қарсаңында мұндай жас, ынталы, болашағы бар мамандардың еңбек жолын атап өту ерекше маңызды. Аман мен Есен секілді жас қызметкерлер жүйеге жаңа серпін беріп, ұжымның кәсіби деңгейін нығайта түсетіні сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру