Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында үлгілі жүргізушілер марапатталды

Ұлытау облысында үлгілі жүргізушілер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері үлгілі көлік жүргізушілерін марапаттады. Іс-шара барысында жол ережелерін қатаң сақтап, тәртіптілік танытқан, соңғы жылдары бірде-бір әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеген жүргізушілерге алғыс хаттар табысталды.

Патрульдік полиция ротасының инспекторларының айтуынша, мұндай акциялар жүргізушілерді тәртіпке шақырумен қатар, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етеді.

— Жол қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Ереже бұзбайтын, өзгелерге үлгі болатын жүргізушілерді насихаттаймыз, — деді патрульдік полиция қызметінің инспекторы.

Шара аясында жол жүру ережелерін бұзбаған бірнеше көлік иесі тоқтатылып, инспекторлар оларға алғыс білдіріп, жолда абай болуды және осы үлгілі тәртібін жалғастыруды сұрады. Полиция өкілдері мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Полиция барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, өз қауіпсіздігі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру