Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда көлігіне заңсыз дыбыс бәсеңдеткіш орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды

Жезқазғанда көлігіне рұқсатсыз дыбыс бәсеңдеткіш орнатқан жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы талаптарын бұзып, тұрғындардың тыныштығын бұзған автокөлікті анықтады.

Оқиға Жезқазған қаласындағы Алашахан көшесінде болған. Патрульдік полиция инспекторлары BMW 318I автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізген.

Тексеру барысында 20 жастағы жүргізушінің көлік құралының конструкциясына тиісті рұқсатсыз өзгеріс енгізіп, дыбыс бәсеңдеткіш құрылғысын заңсыз орнатқаны анықталды.

Құқық бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция көлік иелеріне автокөліктің конструкциясына тиісті рұқсатсыз өзгеріс енгізуге болмайтынын ескертеді. Сондай-ақ тұрғындардың тыныштығын бұзатын, қатты дыбыс шығаратын құрылғыларды пайдалану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру