Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі тыныштықты бұзу - жауапкершілікке әкеледі

Ақтөбе қаласында түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілерінің алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері қала аумағында түнгі тыныштықты бұзудың 10 дерегі анықталды. Оның 5-тен астамы соңғы уақытта тіркелген.

Анықталған фактілердің қатарында қала орталығында түнгі уақытта отшашу пайдаланып, туған күнмен құттықтау және некеге тұруға ұсыныс жасау жағдайлары бар.

Полиция қызметкерлері мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік және профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тұрғындарға түнгі уақытта тыныштық сақтаудың маңызын түсіндіруде.

Анықталған әрбір дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Полиция қала тұрғындарын түнгі уақытта тыныштық сақтап, айналадағы адамдардың құқықтары мен тыныштығына құрметпен қарауға шақырады. Ерекше сәттерді атап өту кезінде өзге тұрғындардың тыныштығына нұқсан келтірмеу маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру