Петропавлда жыл басынан бері мыңнан астам тұрмыстық құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды
Петропавлда жыл басынан бері мыңнан астам тұрмыстық құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавлда "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" халықаралық акциясы басталды. Іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полицияның ерікті көмекшілері және Жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты. Олар қала тұрғындарына қызғылт сары ленталар мен шарлар таратты.
Жыл басынан бері Петропавлда мыңнан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді. Құқық қорғау органдары құқық бұзушылармен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізіп келеді, олардың шамамен 70-і қазіргі уақытта мінез-құлықты түзеу курстарынан өтуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын күшейту маңызды, ал оның негізінде – қоғамның мәселе жайлы хабардар болуы жатыр.

"Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында полицейлер 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін халықаралық акция шеңберінде бірқатар іс-шара ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы "111" және "150" республикалық жедел желілеріне немесе "102" арнасына хабарлауға болатынын еске салады.

