Полиция "Астана АЭК" АҚ қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтар туралы ескертеді
Полиция "Астана АЭК" АҚ қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтар туралы ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полиция онлайн-алаяқтық фактілерінің өсуіне байланысты азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады. Белгісіз тұлғалар өздерін энергиямен жабдықтаушы компания қызметкерлері ретінде таныстырып, есептегіш құралдарды ауыстыру сылтауымен 1414 нөмірінен келетін SMS-кодты айтуды талап етеді. Жекелеген жағдайларда азаматтарды ақшаларын «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді.
Полиция "Астана АЭК" АҚ тұтынушылардан растау кодтарын, парольдерді, жеке деректерді сұрамайтынын және құпия ақпаратты беруді талап етіп телефон шалмайтынын ескертеді. Мұндай әрекеттер – азаматтардың қаражатын жымқыруға бағытталған алаяқтық схема. Астанада полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу, цифрлық сауатын арттыру және азаматтарды кең таралған алдау тәсілдері туралы хабардар ету бағытында тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді.
Бөгде адамдарға ешқашан SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін айтпауды, бейтаныс адамдардың өтініші бойынша ақша аудармау керек. Күдік тудыратын қоңырау түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, "102" нөмірі арқылы полицияға жүгіну қажет
