Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада экология талабын бұзған азамат анықталды

Елордада экологиялық талабын бұзған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтауға бағытталған "Таза Қазақстан" республикалық акциясы жалғасуда. Елордалық полиция қоғамдық орындарды ластау, қалдықтарды заңсыз төгу және қоршаған ортаға кері әсер ететін өзге де құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу жұмыстарын күшейтті.

Полиция қызметкерлері тұрақты түрде рейдтер өткізіп, қоқыс үйінділері пайда болуы мүмкін орындардағы бейнебақылау камераларының жазбаларын бақылауда ұстайды, сондай-ақ тұрғындарға экологиялық қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Осылайша, бейнебақылау камераларына Дулатов көшесінде ассенизатор көлігінен ағынды суларды белгіленбеген жерге төгу фактісі тіркелді. Оқиға орнына патрульдік жасақ жіберіліп, жүргізушіге қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін шара қолданылды.

Акция басталғалы бері 66 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 500-ден астам жүк көлігінің және 206 ассенизаторлық автокөліктің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны аялауға және құқықбұзушылық фактілерін көрген жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабар беруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру