Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу өңірінде "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқаны жалғасып жатыр

Жетісу өңірінде "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқаны жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш науқан жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы БҰҰ Конвенциясы аясында өткізіледі. Бүгінде бұл бастамаға әлемнің 180-нен астам елі қосылады. Науқанның мақсаты – әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық мәселесіне назар аудару, отбасы құндылықтарын нығайту және қоғамның жақындарын қорғау жолдары жайлы ақпараттануын арттыру.

Жыл басынан бері облыстағы отбасылық-тұрмыстық 175 қылмыстық және мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Заң бұзушыларға екі мыңнан астам қорғау нұсқамасы беріліп, сот төрт жүзден астам арнайы талаптар белгілеген.

Полиция қызметкерлері мемлекеттік органдарды, БАҚ-ты, ҮЕҰ-ды және әрбір азаматты үн қосуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру