Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция есірткі таратумен айналысқан қала тұрғынын ұстады

Елордада полиция есірткі таратумен айналысқан қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында ер адамның негізгі жұмысы қаржы саласына байланысты екені анықталды. Ол елордалық кәсіпорындардың бірінде қаржыгер болып қызмет еткен. Алайда қосымша табыс табу ниетімен ол өзіне заңсыз қосымша жұмыс тапқан. Демалыс күндері күдікті автокөлік жалдап, интернет-дүкен арқылы түскен тапсырыстар бойынша есірткі жасырын қойып кетуші болып жұмыс жасап жүрген.

Күдіктінің көлігін тінту кезінде изолентаға оралған 14 түйіншек табылды. Сондай-ақ оның қаладағы әртүрлі нүктелерге тағы 10 түйіншекті қойып үлгергені анықталды. Табылған кристалл тәрізді зат — альфа-PVP тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция есірткі таратуға, оның ішінде есірткіні жасырын қойып кетуші болып жасауға қатысу көбіне жеңіл табыс ретінде ұсынылғанымен, соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру