Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полиция жол қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті

Абай облысында полиция жол қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуына жол бермеу мақсатында "Қауіпті жүргізуші" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда.
ЖПІШ басталғалы бері облыс полицейлері 886 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Соның ішінде – жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісімен көлік басқарудың 2 фактісі, рұқсатсыз көлік құралдарын қайта жабдықтаудың 30 дерегі, қарсы бағытқа шығудың 6 фактісі және тыйым салынған бағдаршам сигналына өту бойынша 6 жағдай тіркелді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 114 дерегі, көлікті мас күйінде басқарудың 19 фактісі және жүргізуші куәлігінсіз басқарудың 44 жағдайы анықталды. 64 көлік құралы арнайы айыптұрағына қойылды.

Полиция департаменті ЖПІШ аясында қабылданып жатқан шаралардың барлығы жол қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын еске салады. Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру