Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында полицейлер жедел түрде қорқытып ақша алу дерегін әшкереледі

Қызылорда облысында полицейлер жедел түрде қорқытып ақша алу дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаменті "Заң және тәртіп" қағидаты аясында жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Биылғы жылдың 6 желтоқсанында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында басқа облыстың тұрғындарынан 10 мың АҚШ долларын күш көрсету арқылы талап еткен Шиелі ауданының екі тұрғынын ұстады.

Қорқытып ақша алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды күш қолдану қаупімен ақша талап ету қылмыстық әрекет екенін ескертеді. Осындай жағдайдың куәсі немесе құрбаны болған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Жедел әрекет ету ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру