Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көліктегі ПД-да тәлімгерлер мен ардагерлердің жұмысы қорытындыланды

Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің төрағалығымен тәлімгерлер кеңесі, Ардагерлер кеңесі және консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынға аталған кеңестің мүшелері, сондай-ақ департаменттің желілік бөліністерінің басшылары мен ардагерлері видеоконференция арқылы қосылды. К.Мажикенов отырыста ішкі істер органдарында жас қызметкерлерді қолдау, оларды кәсіби машықтандыру және ұрпақ сабақтастығын нығайту бағытында атқарылған ауқымды жұмыстың қорытындысы шығарылғанын атап өтті. Ол ардагерлердің еңбегі, бастамасы мен жауапкершілігінің арқасында кадрлық әлеуетті нығайтып, қызмет сапасын арттыруға және ішкі істер органдарының ең үздік дәстүрлерін сақтауға мүмкіндік тудыратынын айтты.

Тәлімгерлер кеңесінің, Ардагерлер кеңесінің және КҚО-ның төрағалары 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы есеп берді. Отырыста алдағы кезеңге арналған жоспарлар қаралды. Қатысушылар пікір алмасып, полиция қызметін жетілдіруге, халықтың сенімін арттыруға және көлік полициясының қызметіндегі өзекті мәселелер туралы азаматтарды жан-жақты әрі сенімді хабардар етуге бағытталған ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ басқосуда өз ісіне адал, жоғары жауапкершілік танытқан тәлімгерлер, ардагерлер, КҚО мүшелері және жас қызметкерлер марапатталды.

Іс-шара соңында Құрмет Мәжікенов қатысушыларға осы жылы атқарылған ауқымды жұмыс пен жеткен нәтижелері үшін алғысын білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру