Жамбыл облысы ПД бастығы аудан тұрғындарымен кездесуде
Жамбыл облысы ПД бастығы аудан тұрғындарымен кездесуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент бастығы Қайсар Сұлтанбаев жұмыс сапары аясында Талас ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесуге Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүсіпбеков, жергілікті атқарушы орган өкілдері, мектеп директорлары қоғам белсенділері, ауыл ақсақалары және жастар қатысып, өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер ортаға салынды. Сонымен қатар ПД бастығы Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте "Жас сақшы" сыныбының ашылу салтанатына қатысып, жас сақшыларға куәліктерін табыс етті. Олар ант қабылдап, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосуға уәде берді.
Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен жиын өткізіліп, атқарылған жұмыстар бойынша есебін тыңдады. ПД бастығы бірқатар анықталған кемшілікке қатысты нақты тапсырмалар беріп, қызметті одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.
