Семейде ҚАЖД қызметкері мекемеге телефон кіргізбек болған азаматтың жолын кесті
Семейде ҚАЖД қызметкері мекемеге телефон кіргізбек болған азаматтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласында орналасқан Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде тексеру тобының қызметкерлері тыйым салынған затты мекеме аумағына кіргізу әрекетінің жолын кесті.
Тексеру барысында мекеменің өнеркәсіптік аймағында жер жұмыстарын орындау үшін келген 45 жастағы экскаватор жүргізушісі ұялы телефонды орындықтың астына машинаның кабинасына жасырып, алып өтуге әрекет жасағаны анықталды. Заңға қайшы әрекеттерді тәртіптік бөлім қызметкерлері уақтылы анықтап, алдын алды.
Сот барысында ер адам тыйым салынған затты алып кіруді оған бейтаныс азамат сұрағанын түсіндірді.
– Аталған факті бойынша аталған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама жасалды, – деді мекеме бастығы Женисбек Дәуренбеков.
