Жамбыл облысында полиция қызметкері "Әулиеата үздігі" атанды
Жамбыл облысында полиция қызметкері "Әулиеата үздігі" атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Алишер Қалышев облыс әкімінің "Әулиеата үздігі" сыйлығының "Үздік жас құқық қорғау қызметкері" номинациясын иеленді.
Марапатты салтанатты түрде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев табыстап, Алишер Қалышевтің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, профилактикалық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру бағытындағы еңбегін атап өтті.
"Әулиеата үздігі" сыйлығы жұмысшы мамандықтар жылы аясында 13 сала бойынша өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген, кәсіби шеберлігімен және жауапкершілігімен ерекшеленген жас мамандарды ынталандыру мақсатында табысталды.
Алишер Қалышевтің есімінің осы мәртебелі тізімге енуі — полиция қызметкерлері үшін үлгі әрі үлкен жауапкершіліктің белгісі.
