Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

3 тағдырды құтқарған бейбіт күннің батыры

3 тағдырды құтқарған бейбіт күннің батыры жайлы Polisia.kz сайты ақпарат ұсынады.

Үйде өрт шықса, көпқабатты үй шатырына шыққан адамның өмірі қыл үстінде тұрған сәтте немесе бір сәттік қателік орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін кезде учаскелік инспекторлар әрдайым көмек көрсетуге дайын тұрады.

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторы Нұрсұлтан Дөңесхан – кәсіби мамандардың бірі. Ол сын сағатта ойланып тұрмай, жедел әрекет етеді. Жуырда ғана ол үш бірдей шымкенттіктің өмірін аман алып қалды. Әр оқиға – оның батылдығы мен жоғары кәсібилігінің айқын дәлелі.

Бірде кезекші бөлімге көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Пәтерді жалын шарпып, қою түтін баспалдақ алаңына тарай бастаған. Тұрғындар сыртқа асығып жатқанда, көрші пәтерде ұйықтап жатқан баланың қалып қалғаны белгілі болды. Нұрсұлтан кідірместен ішке кіріп, баланы тауып, аман-есен сыртқа алып шықты.

Тағы бір күні полицияға көпқабатты үйдің төбесіне шыққан ер адам туралы хабар түсті. Ол шатырдың шетінде тұрып, қауіпті қадам жасамақ болған. Сол сәтте учаскелік инспектор әріптестерімен бірге дер кезінде жетіп, азаматтың өмірін сақтап қалды.

Ең күрделісі отбасылық жанжалдан кейінгі шақырту болды. Қала тұрғыны өзін пышақпен жарақаттап, қол жұмсамақ болған.

Жедел жәрдем келгенше, Нұрсұлтан алғашқы көмек көрсетіп, дәрігерлерге тапсырғанға дейін оның жағдайын бақылауда ұстады. Полицейдің әрекеті шешуші рөл атқарып, ер адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Бұл жағдайлар – учаскелік инспекторлардың күнделікті тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етудің оңай жұмыс екенін көрсетеді.

Нұрсұлтан Дөңесхан – ерлік сөзқызмде емес, нақты іс-әрекетте екенін дәлелдейтін тұлға.

– Қауіпті сәттерде мен тек өз міндетімді атқардым, – деп қысқа ғана пікір білдірді тәртіп сақшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру