Жыл қорытындысы: Түркістан облысында ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады
Түркістан облысында полиция басшылығы 500-ге тарта жеке қабылдау өткізіп, 1500-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінде азаматтарды қабылдау шаралары жүйелі түрде, белгіленген кестеге сәйкес тұрақты өткізіліп отырады. Мәселен жыл басынан бері Мұрат Қабденов 20-дан астам жеке қабылдау өткізіп, 110 азаматты қабылдады.
Ал орынбасарлары 450-ден астам азаматтың мәселесіне ден қойды. Қалалық, аудандық полиция басқарма, бөлім басшылары 426 қабылдау өткізіп, 900-ден астам азаматтың арыз-шағымына назар аударды.

Сонымен қатар Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов жылды қорытындылап, азаматтармен соңғы жеке қабылдау өткізді. Полиция басшылығының жеке қабылдауына құқықтық даулар мен қылмыстық істерді тергеу, алаяқтық қылмысы, кадр мәселелері бойынша тұрғындар қатысты.

Әрбір азамат өз жағдайын баяндауға және оны шешу бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік алды. Азаматтардың барлық өтініштерін департамент басшылығы жеке бақылауына алды. Қабылдауға қатысқан азаматтар әрбір мәселеге мұқият қарағаны үшін поилцияға алғыстарын білдірді. Жеке қабылдау тұрғындардың нақты мәселелерін анықтап, тез арада мәселенің жауабын шешуге мүмкіндік береді.
