Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда есірткі қылмысына қарсы күрес қарқынды жүріп жатыр

Маңғыстауда есірткі қылмысына қарсы күрес қарқынды жүріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Өңірде заңсыз айналымға, жеткізу арналарына, интернет арқылы таратуға және жасырын жарнамалау әрекеттеріне тосқауыл қою мақсатында жедел-іздестіру және профилактикалық шаралар кешені жүргізілді.

Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі қылмысына қатысты 446 құқық бұзушылық анықталды. Соның ішінде 81 дерек қылмыстық сипатта болып, заңсыз айналымнан барлығы 742 келі 902 грамм есірткі заты тәркіленді. Аталған оқиғаларға байланысты күдік келтірілген 75 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар 206 басқа да құқық бұзушылық тіркеліп, оларға қатысты заңда қарастырылған шаралар қабылданды. Есірткінің алдын алу және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2025 жылы 761 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, 22 870 адам қамтылды.

Қоғамдық орындарда анықталған 553 граффити жазбасы жойылды, ал интернет кеңістігінде есірткі өнімдерін жарнамалаған 1199 сайт бұғатталды. Заңсыз қаржылық операцияларға жол бермеу мақсатында Антифрауд жүйесі арқылы 10 554 банктік шот бұғатталып, жалпы көлемі 1 млрд 258 млн 121 мың теңгеден асатын қаражаттың қозғалысына шектеу қойылды.

Қоғаммен өзара әрекеттестікті нығайту бағытында "Стоп синтетик Маңғыстау" Telegram-боты арқылы тұрғындардан келіп түсетін анонимді хабарламалар негізінде жедел жұмыстар атқарылуда.

Полиция бұл бағыттағы іс-шаралар 2026 жылы да жалғасатынын, есірткі бизнесіне қарсы күрес пен жастарды қорғауға арналған жұмыстар күшейтілетінін хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру