ІІО жеке құрамы жаңа жыл түні азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Жаңа жыл қарсаңында Ішкі істер органдарының қызметкерлері күшейтілген нұсқада қызмет атқарады. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке құрам көпшілік жиналатын орындарда, орталық алаңдарда және мерекелік іс-шаралар өтетін аймақтарда күшейтілген режимде қызмет атқарады. Жедел басқару орталықтары жағдайды тәулік бойы бақылап, оқиғаларға тез арада ден қояды.
Бұл шаралар ел тұрғындарының мерекелік күндерді жақындарымен тыныш және қауіпсіз өткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және құқық бұзушылықтар мен күдікті жағдайлар туралы 102 нөміріне дереу хабарлауға шақырады.
