Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада азаматтарды жоғары оқу орнына түсіремін деп алдаған күдікті ұсталды

Астанада азаматтарды жоғары оқу орнына түсіремін деп алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша 28 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдіктінің азаматтарды алдау жолымен, жоғары оқу орнына түсуге жәрдемдесемін деген жалған уәде бергені анықталды.

Атап айтқанда, ЖОО оқуға түсіруге ықпал ете алатын адам ретінде таныстырып, жәбірленушінің сеніміне кірген. Күдікті аталған сылтаумен жәбірленушіден 1 млн теңге көлемінде ақша қаражатын алған, алайда уәде етілген қызметті орындамаған және қаражатты қайтармаған. Уақыт өте келе алданғанын түсінген жәбірленуші құқық қорғау органдарына арызбен жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Тергеу аясында күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция азаматтарды сақ болуға, жоғары оқу орындарына түсу мәселесінде бейресми адамдардың қызметіне сенбеуге, тек қабылдау комиссияларының ресми ақпарат көздеріне жүгінуге және күмәнді ұсыныстарға келіспеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру