Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері өткен жылы 89 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Көлік полицейлері өткен жылы 89 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылы көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 89 397 құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу – 7 321 факт, ұсақ бұзақылық – 760 факт және т.б. Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов айтты.

Оның айтуынша Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын патрульдеу барысында қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүрген Түркістан облысының 35 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізу кезінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсылық танытып, бағынбаған.

– Аталған факті бойынша құқық бұзушы алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданатын болады, – деді Құрмет Мәжікенов.

Еске саламыз, 2025 жыл Ішкі істер министрлігі тарапынан "Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде" деп жарияланған.

Көлік объектілерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары департамент басшылығының тұрақты бақылауында және бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Жауап қалдыру