Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері есірткі жеткізу арнасын тоқтатты: ұсталғандарға сот үкімі шықты

Көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жабайы қарасора өсетін аумақтарда есірткі затын жинаған төрт адамнан тұратын топты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тінту жүргізу кезінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 53 келіден астам марихуана тәркіленді. Бұл есірткі заты Жамбыл облысының аумағынан тыс жерлерге тасымалданбақ болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында ұсталған адамдардың есірткі құралын кейіннен қара нарықта сату мақсатында жинаумен айналысқаны анықталды. Осылайша көлік полицейлері есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Шу қалалық сотының шешімімен қылмыстық іс бойынша барлық қатысушы кінәлі деп танылып, 7 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Көліктегі полиция департаменті заңсыз есірткі айналымы арналарының жолын кесу және оларды анықтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру