Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды

Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін сағат 11:09 шамасында Ақтау қаласының теңіз жағалауында полиция қызметкерлеріне теңіз ортасына қарай бет алған, айналасындағыларға мән бермеген жасөспірім туралы хабар түсті.

Оқиға орнына дереу жеткен Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абдурахим Сәтешов және Азамат Қарабалаев жағдайдың аса қауіпті екенін көріп, бір сәт те кідірместен теңізге секірген. Өздерінің жеке қауіпсіздігін елемей, олар жасөспірімді жағаға алып шығып, баланың өмірін сақтап қалды.

Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрі батыл әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кез келген жағдайда, тіпті өз өмірін қатерге тіге отырып, көмек көрсетуге дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру