Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада абаттандыру ережесін бұзған азамат жауапқа тартылды

Астанада абаттандыру ережесін бұзған азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы елордада жалғасуда. Аталған бастама аясында абаттандыру ережелері мен экологиялық заңнама талаптарын бұзудың алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Рейдтік іс-шаралар өткізіліп, тұрғындармен және жүргізушілермен мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру әңгімелері жүргізілуде. Мәселен, бейнебақылау камераларының көмегімен Айтматов көшесінде жүк көлігінің жүргізушісі құрылыс қалдықтарын заңсыз тастағаны тіркелді.

Анықталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге қала абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтіретін мұндай әрекеттердің жол берілмейтіні және жауапкершілік қарастырылатыны туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция азаматтарды тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоқысты заңсыз тастамауға және қала экологиясына ұқыпты қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру