Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полиция жоғалған азаматтарды іздеп тапты

Қарағанды облысында полиция жоғалған азаматтарды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтар күні сағат 11:45-те полицияның кезекші бөліміне Абай ауданы Юбилейное ауылдық округінде екі адамның із-түзсіз жоғалғаны жөнінде хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, 16 қаңтар күні кешкі уақытта олар Toyota Land Cruiser автокөлігімен Қварц қыстауынан Айда қыстауы бағытына мал іздеуге шығып, кейін байланысқа шықпаған.

Іздеу жұмыстары барысында жоғалған азаматтардың туыстары Айда қыстауының маңынан автокөлікті тапқанымен, салонда адамдар болмаған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тартылып, қол жетуі қиын аумақтарды барлау мақсатында ТЖД тікұшағы қолданылды. Сондай-ақ еріктілер тобы жұмылдырылды.

Бірлескен іздестіру шараларының нәтижесінде 39 және 68 жастағы азаматтарды полиция қызметкерлер аман-есен тапты.

Қазіргі уақытта олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру