Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда тұрақты табысы бар отыз үш жастағы қала тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер оны үшінші қалалық аурухана маңында қылмыс үстінде ұстады.

Жеке тінту барысында ер адамның жанынан түсті зат салынған жиырма екі түйіншек тәркіленді. Сондай-ақ оның көрсетуі бойынша жасырын орыннан тағы үш түйіншек табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы шамамен жиырма бес грамды құрайтын α-PvP синтетикалық есірткісі болып шықты.

Полицейлердің мәліметінше, ер адам өткен жылдың қараша айынан бері есірткі сатуымен айналысқан. Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз айналымға жібергені үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру