Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында “Денсаулық фестивалі – 2026” ауқымды спорттық шара ұйымдастырылды

Кеген ауданының Бөлексаз ауылында "Спорт – есірткіге қарсы" ұранымен Алматы облысы полиция департаментінің қолдауымен "Денсаулық фестивалі – 2026" тақырыбында ауқымды спорттық-сауықтыру шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу, сондай-ақ есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру. Фестиваль қоғам назарын зиянды әдеттердің алдын алуға аударып, бұқаралық спортты дамытуға бағытталды.

Фестивальге шамамен 1000-ға жуық адам қатысып, спорттың көптеген түрі бойынша өзара бақ сынады. Атап айтқанда, армрестлинг, арқан тарту, шаңғымен сырғанау, шанамен жарысу, сондай-ақ ұлттық және халықтық ойындар ұйымдастырылды. Белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы марапаттармен ынталандырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, физикалық белсенділікті арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға оң ықпал етеді.

"Денсаулық фестивалі – 2026" өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтып, қоғамда дұрыс өмірлік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама ретінде жоғары бағаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру