Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоғамдық орында электрошокер қолданған азамат жауапқа тартылды

Алматыда қоғамдық орында электрошокер қолданған азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда қоғамдық орындарда электрошокерді қолдану арқылы айналасындағыларды үрейлендірген 34 жастағы қала тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, ер адам электрошокерді адамдарға тікелей қолданбағанымен, оны түрлі заттарға пайдаланып, қауіп төндіретін жағдай жасап, өтіп бара жатқан азаматтардың қорқыныш сезімін тудырған. Бұл әрекет – қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде тіркелді.

Аталған дерек бойынша ол ұсақ бұзақылық және арнайы құралдарды заңсыз қолдану фактілері бойынша жауапқа тартылды.

Мамандандырылған аудандық әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Полиция өкілдері азаматтарға қауіп төндіретін немесе қорқыныш сезімін тудыратын кез келген әрекетке құқықтық тұрғыда қағидатты баға берілетінін атап өтті.

– Электрошокер тікелей адамға қолданылмаса да, оны қоғамдық орындарда көрсету мен пайдалану айналадағылардың үрейіне, дүрбелеңге себеп болуы мүмкін. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналады және жауапкершілікке әкеледі. Азаматтарды тәртіп нормаларын сақтауға шақырамыз. Адамдардың қауіпсіздігі – басты басымдық, – деп қорытындылады Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру