Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер спортшыларға құқықтық сабақ өткізді

Павлодар облысында полицейлер спортшыларға құқықтық сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Батыр" спорт кешенінде полицейлер дзюдо жаттығуы барысында спортшылармен маңызды профилактикалық әңгіме өткізді.

Іс-шара жастар үшін қауіпсіз әрі қорғалған орта қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары мен жасөспірімдердің бопсалау және адам саудасы мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға, аталған қылмыстар үшін жауапкершілікті түсіндіруге бағытталды.

– Біз жастарға бопсалау мен адам саудасының белгілері, бұл қылмыстардың алдын алу жолдары және қауіп төнген жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы түсіндірдік. Мұндай кездесулер жастар үшін аса қажет, себебі оларды ақпараттандырып, қауіпсіздігін арттырады. Біз оқушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруды көздейміз, ал осындай іс-шаралар – осы жолдағы маңызды қадам, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД ҰҚҚБ аға жедел уәкілі Ерекебұлан Сапарғали.

Еркін форматта өткен кездесу жастардың құқықтық білімін арттыруға және қылмыстың алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру