Оралда полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктіні қолға түсірді
Оралда полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтықпен айналысқан күдіктіні ұстады.
Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, ұялы телефонды уақытша пайдаланамын деген сылтаумен несие рәсімдеп, 300 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты иемденген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға және бөгде адамдарға ұялы телефондарын әрі жеке деректерін бермеуге шақырады.
